Хан сарқыты (салт). "Хан сарқыты - сары бал, сұараусыз ішсем деп едім!" (Махамбет).

"Осы орайдағы басқа жұртта жоқ тағы бір рәсім - хан атқа мініп, ордаға түскен кезде әр тайпадан, әр тайпадан, әр тараптан арнайы іріктелген қаншама адам ханның өрістегі малын, қозы - лақ, құлын - тайына дейін түк қалдырмай бөліске салады. Бұлт рәсім хан сарқыты деп аталады. Ханға малдың керегі жоқ. Хан - ел иесі, жұрт тұлғасы, елде бар болса, ханда да бар, ханның халықтан бөтен тілегі болмауға тиіс деген сөз. Сонымен қатар жақсы ырым. Сайлауға келе алмаған жұрт тойдан дәм татады, хан малының тұқымы қалған елге құт әкеледі. Ырым, наным ғана емес, мақтан. Өзінің ұлттық мемлекетінің басында отырған, халық қалауымен көтерілген ханға деген биік құрмет белгісі. (Арада апта өтпей, бұл мал он есе көбейіп, кері қайтады, бірақ бұл ханның емес, қазынаның малы)" (М. Мағауин).

Кенжеахметұлы С. К – 30 Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2010. – 312 бет, суретті. ISBN 978 – 601 – 01 – 0374 – 0 Дереккөздер