Сарытөс шымшық () - ақ шымшықтың көшірмесі тәрізді, алайда төсінде үлкен сары теңбілі бар шымшық. Батыс Тәңіртау және Қырғыз жотасының батыс бөлігіндегі жапырақты ормандарда мекен етеді. Дене мөлшері, қылығы, дауысы ақ шымшыққа ұқсайтын болғандықтан, ұзақ уақыт бір түрдің түршесі саналып келеді. Соңғы жылдары Тәңіртаудың солтүстік беткейлері мен тау баурайын бойлай шығыста Алматыға қарай біртіндеп таралып келеді. Қыста ақ шымшық тәрізді қыстап шыққан кезеңде зиянды бунақденелілерді құртып, жасыл желекке үлкен пайда келтіре жүріп, ұялау аймағында кең көшпенділілік жасайды.

Дереккөздер

Санат:Шымшықтар тұқымдасы