Зүмірет, зүбәржат немесе замартас – жасыл түсті мөлдір минерал. Ол ұзынша баған тәрізді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі. Ең ірі кристалл Бразилияда 1974 жылы табылған. Оның салмағы 28.2 кг болды. Табиғатта кристалының ірілігі 0.5х3 сантиметрден 35х45 сантиметрге дейін болады. Ал салмағы 5 – 30 каратқа (1 карат 2 грамға тең) дейін жетеді. Соңғы кездері зүміретті жасанды түрде ала бастады. Елімізде Қу (Қарқаралы таулар) және Делбегетей тауларында кездеседі. "Сен білесің бе?" энциклопедия ISBN 9965-26-407-4
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Зүмірет · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.