300px|thumb|Робот-шаңсорғыш Electrolux Trilobite 2.0 Әлеуметтік роботтар - әлеуметтік ережелерді орындай отырып адамдармен байланыс жасай отырып жұмыс немесе әрекет ете алатын робот. Sony компаниясы шығарған «Аибо» роботының сәтті шығарылуынан кейін, 2000 жылдардан бастап үй роботтары жалпы мәдениетке дендеп кірді. Бірнеше өндіруші компания робот- шаңсорғыш ойлап шығарды. Үй роботтарының ішінде ең атақтысы да – 2003 жылдың соңына дейін 570 000 данасы сатылып үлгерген робот - шаңсорғыштар. «Квази», «Леонардо» және «Кисмет» - әйгілі ойыншық роботтар. «Квази» көпшілікке 2006 жылы таныстырылды. Үй роботы- тұрмыстық жұмыстар үшін пайдаланылатын робот. Үй роботтарының көптеген түрлері бар. Ғылыми негіздері Ғылыми фантастика жазушысы- Айзек Азимов әлеуметтік роботтарға арналған, құрамына төмендегідей шарттар кіретін нақты заңдарды ұсынды. Робот адамға зиян келтірмеуі және өзінің әрекетсіздігімен адамға қандай да бір зақымның келуіне жол бермеуі керек. Робот адамның бірінші заңға қайшы келмейтін барлық бұйрықтарына бағынуға тиіс. Робот бірінші және екінші заңдарға қайшы болмайтындай етіп өзін қорғауға міндетті.Ойыншықтардан роботтарға дейін.-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "Балаларға арналған танымдық энциклопедия" ISBN 978-9965-26-604-1 Дереккөздер
Санат:Роботтық техника