Рута тұқымдасы (Rutaceae) – ағаш, бұта, кейде шөптесін түрінде кездесетін қос жарнақты өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. Рута тұқымдасына жататын өсімдіктердің сырты түгелдей дерлік безбен жабылған. Гүлдері қос жынысты, тостағанша жапырақшалары 4 – 5, аталықтары 4 не одан да көп, бірігіп кеткен, кейде бос та жатады. Жәндіктермен тозаңданады, көпшілік түрі қуаңшылыққа төзімді – ксерофиттер. Жемісі – қауашақ немесе жидек, олар құстармен, сүтқоректілермен, сумен және желмен таралады. Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Руталар