Ішек таяқшаларымен шақырылатын, ас-қорыту жолының зақымдалуымен кейде-әсіресе кішкентай балаларда, иммунды жетіспеушілік кезінде ауыр, сепсис түрінде өтетін бір топ жедел ішек инфекциялар тобы. Тарихи мәліметтер: ішек таяқшасын 1885 жылы австриялық ғалым Т.Эшерих ашқан-Bacterium coli commune. Одан кейін – Escherichia coli деген ат бекітілді. Этиологиясы: Эшерихиялар –E.coli-Enterobacteriocae тұқымдасқа кіреді. Ұсақ жіпшелері бар, грамм теріс таяқшалар Vestael
Қазіргі күнде E.coli құрамындағы О-антигеннің 170 түрі зерттелінген, соның ішінде 80-нен аса адамға патогенды штаммдардан Эшерихийлардың жіктелуі О-антигенмен патогендік әсері жүргізіледі: энтеротоксигенді (ЭТІТ) – 17 серотоп -06,08, 015, 020, 027 т.б.) энтероинвазивті (ЭИІТ)-028, 032, 0124, 0136, 0144 т.б.) энтеропатогенді (ЭПІТ) І топ-0,55, 0111, 0125, 0142 т.б.) ІІ топ- 044, 0112, 0114 т.б.) энтерогеморрагиялық (ЭГІТ) 0157; н7 т.б. антигенді құрамы күрделі соматикалық О-антиген беткейлі соматикалық К-антиген ЭТІК-термолабильді және термостабильды энтеротоксиндерді түзіп – холера тәрізді диареяны тудырады. ЭПІК – омыраудағы балаларда ауыр өтетін колиэнтерит себебі болады. ЭПІТ – ішектің эпителиальды клеткалардың ішіне енетін қасиеті бар – дизентерия тәрізді диареяны тудырады. ЭТІТ-кішкентай балаларда геморрагиялық энтероколит себебі болады. Эпидемиологиясы: Аурудың көзі – ауру адам (көбінесе жасырын түрлерімен) бактериятасымалдаушы Тарау механизмі – фекальды оральды Тарау жолдары – алиментарлы (көбінесе сүт және сүт тағамдары арқылы) су арқылы тұрмыстық қатынас арқылы (сиректеу) (0124 типында) Ауыратындар: көбінесе кішкентай балалар, -ЭПІТ, ЭГІП, ЭТІТ. Сырқат көбінесе бірен-саран оқиғалары мен топтанып ауру ретінде өтеді. Мерзімі: жаз-күз айлары. Дереккөздер http://www.phagetherapycenter.com/pii/PatientServlet?command=static_conditions&language=0 http://phys.org/news158951048.html http://www.sciencedaily.com/releases/2001/01/010125082330.htm http://medkarta.com/?cat=article&id=19158