Жан Сильвен (Бальи) Байи (; 15 қыркүйек 1736, Париж — 12 қараша 1793, Париж) — астроном, Париж ғылым академиясының мүшесі. 18 ғ. аяғындағы француз буржуазиялық революциясының қайраткері. 1789-91 ж. Ұлттық жиналыстың төрағасы және Париж қаласының мэрі.

Байи - король өкіметімен ымыраға келуге тырысқан ірі буржуазиялық басшыларының және 1791 ж. 17 шілдеде Марс алаңындағы халық демонстрациясына оқ атуды ұйымдастырушыларының бірі. 1792 жылдан Конвент депутаты. 1793 ж. Якобиншілер диктатурасы тұсында революциялық трибуналдың үкімімен өлтірілгенҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том .

Дереккөздер

Санат:Франция саясаткерлері