Ұшқыш айдаһар () – ешкіемерлер тұқымдасына жататын кесіртке. Екі бүйірінде болатын тері қатпарлары олардың ұшуына мүмкіндік береді. Ағаштан-ағашқа секіргенде тері қатпарларының және оның іш жағында болатын жалған қабырғаларының көмегімен 20 м қашықтыққа ұша алады. Денесініӊ ұзындығы шамамен 23 см, ал қанаттарыныӊ ұзындығы 8 см. Қанаттарыныӊ түсі қызыл-сары, көк және қызыл түсті жолақтары мен бұршақтары бар. Бұл айдаһарлар оңтүстік Азияның ормандарында таралған.Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970

Дереккөздер

Санат:Ешкіемерлер