Эмир Ибрағимұлы Файк (9 мамыр 1909, Бақшасарай, Қырым-белгісіз) — кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1959). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Өмірбаяны 1935 жылы Мәскеу қаласында бұрынғы Бүкілодақтық кинематография институтын бітірді.
Шығармашылық жолын 1932 жылы бастады.
1944 – 1946 жылдары Майдандық кино тобында болды.
1946 – 1984 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режиссер.
Қойған фильмдері «Теміртау» (1947) және «Тау шаңғышыларының жарысы» (1954) секілді деректі фильмдерді өзі түсіріп қояды. «Қанатты сый» (1957, А.Слободникпен бірге), «Бір түні» (1962 А.И.Гинцбургпен бірге), «Менің ұлым!» (1962), «Жүрек қалауы» (1964) атты көркем фильмдермен қатар «Даңқты шахтерлер», «Қазақстан мичуриншілері» (1949), «Жігіттер» (1950), «даладағы қала» (1953), «Ертіс СЭС-і» (1954), «Бибігүл ән шырқайды» (1967), «Ільяс Жансүгіров» (1972), «Кененбайдың оралуы» (1975), «Мухтар Әуезов туралы сөз» (1977), т.б. деректі фильмдерді де қойды.
Марапаттары мен естелік 2000 ж. Алматы қаласындағы ол тұрған үйге (Төле би көшесі, 17-үй) мемориалдық тақта орнатылады.
1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдарымен марапатталған.
Дереккөздер Қазақ мәдениеті