Плацентаның төмен орнығуы — плацентаның орнығуының ауытқуы. Әдетте плацента жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына, ішкі жатыр мойын тесігінен 5-7 см жоғары орнығады. Плацентаның төмен орнығуында плацента жатырдың төменгі полюсінде орнығып, оның ішкі мойын тесігін жартылай немесе толық жауып жатады.Р.С. Бейсембаева, Ә,Т. Раисова, П.Ғ. Нұрқасымова. Акушерия, 2008.
Плацентаның төмен орнығуының екі түрі бар: 1. Толық төмен орнығуы 2. Жартылай төмен орнығуыР.С. Бейсембаева, Ә,Т. Раисова, П.Ғ. Нұрқасымова. Акушерия, 2008.
Толық төмен орнығуында плацента ұлпасы жатырдың ішкі мойын тесігін түгелімен жауып жатады, бұл плацентаның орталық орнығуы деп аталады. Плацентаның жартылай орнығуында, жатырдың ішкі мойын тесігі жартылай жабылып, тек қана бір іргелес жағынан плацента анықталады. Плацентаның төмен орнығуының бір сирек кездестін түрі - плацента ішкі мойын тесігіне жақын орнығады, бірақ оның жиегі 6-7 см жетпейді. Бұл ауытқу көп босанған аналар арасында, көп түсік тастаған, жатыры қабынып ауырған, жатырында ісігі бар, медициналық түсікті кқп жасатқан әйелдерге және кесар тілігінін кейін жийі кездеседі (80-85%). Соңғы ультрадыбысты зерттеуден кейін жүктілік кезінде плацентаның жылжымалығы дәлелденді. Жүктіліктің 2-3 жартыларында плацента жатыр мойнынан жоғары жатыр денесіне қарай жылжитындығы анықталды, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында 8-10 есе жиі байқалады.Бейсенбаева Р.С. Акушерия.- Алматы «Білім»,2004.
Клиникалық белгілері Бұл ауытқудың ең белгісі – жатырдан қанның кетуі; әйелде ешқандай ауру сезімі болмайды, көбінесе жүктіліктің екінші жартысында, 27-28- апталарында кездеседі.Раисова А.Т. акушерия және гинекология.- Алматы, 2006.
Дереккөздер