thumb|

Өзен үйректеріне () 80-ге жақын түрлер топтасады. Көпшілік түрінің жыныстық айырмасы бар. Еркегінің қанатының сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жұлт еткен түсі, артқы саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті көтеріңкі келеді.

Бұл тұқымдас тармағына: қоңыр үйрек (), сұр үйрек (), біз құйрық үйрек (А. асufа), ұсақ шәрегейлер () т.б. жатады.

Бұл үйректер шөптесін, өсімдіктері мол суларды мекендейді. Қолайлы батпақты жерлерге де ұяларын салады. Шөбі жоқ терең суларға ұяламайды. Тайыз шөптесінді суларды мекен етіп, өсімдіктермен және су түбінің жануарларымен қоректенеді. Қорегінің көпшілігі өсімдік. Ұяларын көбінде жерге және кейбір кезде ағаштарға, ондағы басқа құстардың ұяларына немесе ағаштың қуыстарына да салады. Қоңыр үйрек 6-14, сұр үйрек 7-13, бізтұмсық 6-12 жұмыртқа салады, жұмыртқа басу мерзімі 24-28 күн. Көбінесе бізде Каспий теңізінде қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы үлкен. Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970 Дереккөздер

Санат: Омыртқалылар Санат:Өзен үйректері