Цахарие фон Лингенталь, Карл Эдуард (24.12.1812-3.6.1894)- Византияны зерттеуші неміс ғалымы, тарихшысы. Санкт-Петербург ҒА корр. мүшесі (1856), Берлиндегі Прусс ҒА корр. мүшесі (1866). Цахарие фон Лингенталь 1832 жылдан Париждың, Лондонның, Санкт-Петербургтің, Константинопольдың және Афинының архивтерінде Византия правосының ескерткіштерін зерттеді. 1842-1845 жылдары Гейдельберг университетінің профессоры. Ол Византияның правосы тарихын жеке салалар бойынша алғаш рет жүйеге келтірді.Қазақ энциклопедиясы 12 том

Дереккөздер

Санат:Германия ғалымдары