Құлназаров“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том Анатөлі 18. 2.1946 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы (қазіргі Риддер қаласы)] – спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагог ғылым докторы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1986). Өскемен қаласындағы педагогикалық институтты бітірген (1969). 1974 – 79 жылдары Өскемен қаласындағы балалар спорт мектебі директорының орынбасары, директоры; 1979 – 85 жылдары Алматы қаласындағы Қажымұқан атындағы Республикалық спорт мектеп-интернаты директорының орынбасары, директоры; 1985 – 87 жылдары Қазақ КСР Оқу министрлігінде бөлім, басқарма бастығы; 1987 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрінің 1-орынбасары; 1997 – 99 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіндегі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы, 1999 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің кеңесшісі. 2000 жылдан Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығының директоры. “Білім жүйесінде футбол клубтарын дамытудың тұжырымдамасы” (1995), “Күш-қуаттық жеңіл атлетика” (2001), “Қазақстан Республикасындағы балалар мен оқушы жастардың дене тәрбиесі бағдарламасы” (2002), т.б. оқу-әдістемелік кітаптар жазған.
Дереккөздер</span>
Санат:1946 жылы туғандар