Шілмұрт – көпжылдық шөптектес өсімдік. Сабағы жіңішке, биіктігі 80 см-ге дейін жетеді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары иілген мұрт тәріздерініп өздеріне жуық маңындағы өсімдіктерге жабысып, оларды орап алады. Сәуір айында гүлдейді. Гүлдері көк. Бұл өсімдіктің жер астында жұмырлары, сүйір келген ақшыл-мөлдір түсті, диаметрі 3 см-ге дейін келетін түйнегі болады. Түйнегі жер бетінен 5-10 см тереңдікте жатады. Түйнек дәмі крахмал татиды, иісі болмайды, микроскоппен қарағанда оның ішінен ұсақ крахмал дәндерін көруге болады. Теңіз жағасындағы өлкелерде өседі.«Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шілмұрт · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.