У қайтаратын дәрілер - уланғанда пайдаланатын шипалы заттар. У қайтаратын дәрілер удың зәрін және токсиндік қасиетін жояды. Бұл дәрілер у организмге сіңіп үлгіргенше де, сондай-ақ қаңға араласқаннан кейін де қолданылады. Кейбір улы заттар ішек-қарыңға өткенімен ерімейді, не өте баяу еріп организмге тез тарамайтындықтан организм уланбайды. Осы кездегі жиі қолданылатын у қайтаратын дәрілердің бірі - унитиол. Адам мышьяк, сынап, хром, висмут т.б. уланғанда унитиолдың 5%-тік ерітіндісін тері астына егеді. Унитиолға ұқсас антилюизит, дикаптол, дитиоглицерин т.б дәрілер организмдегі улы заттармен қосылып ауыр металдардың тұздары түзіледі, ол несеппен сыртқа шығады. Уланғанда белгілі дәрімен қатар ішек-қарынды жуу, қан құю, қолдан тыныс алдыру керек. Қазақ совет энциклопедиясы: Алматы, 1977. 11 том. Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — У қайтаратын дәрілер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.