Дөңтұмсық тұрпан () - қазтәрізділерге жататын, өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр.

Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары өткен ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет.

Статусы

3-ші санат. Қазақстанда мекендейтін ауданы шектелген өте сирек кездесетін түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Солтүстік Евразияда мекендейтін тұрпандардың бес түрінің бірі.

Таралуы Солтүстік Америка, Шығыс және Орта Сібірде, Оңтүстік Сібір тауларында, Орталық және Оңтүстік Алтайдың қазақстандық бөлігін қоса мекендейді. Солтүстік Американың мұхит жағалауларында, Қытай, Корея, Жапония мен Қиыр Шығыстың теңіз жағалауларында қыстайды. Қазақстанда бұрында Қалбы тауының шоқ орманды бөлігіндегі көлдерде ұялаған, ол жерлерден XX ғасырдың 60-шы жылдары кеткен. Қазір негізгі ұялайтын жерлері Бұқтырма және Қара-Қаба өзендерінің алаптарындаСтариков, 1991Стариков, 2005аСтариков, 2006, Рақманов және Үшкөл көлдеріндеСушкин, 1938Березовиков, Рубинич, 2001Стариков, Прокопов, 2002Прокопов, 2004, Листвяга жотасының солтүстік-шығысындаСтариков, 2005бПрокопов, 2005 шоғырланған. Марқакөлнде миграция кезінде кездеседіБерезовиков, 1989. Алакөл көліне ұшып келгені де белгіліЛопатин, Сибгатулин, 1991.

Мекендейтін жерлері

Жағалаулары тасты және суы мөлдір, теңіз деңгейінен 1800-2400 м биіктікте орналасқан тайгалық, субальпі және альпілік көлдерде мекендейді.

Саны

Алтайдың қазақстандық бөлігінде 2001-2007 жылдары 150-200 құс болған. Көлдерде әдетте біреу, сирек екі жұбы және көбеюге қатыспайтын 10-20 құс мекендейдіКолбинцев, 2006Прокопов, 2007.

Негізгі әсер ететін факторлар

Қаскерлік жолмен аулау, көлдерді шаруашылық мақсатта игеру, рекреациялық маңызы бар су қоймаларында мазалау факторы, балықшылар ауларында өлім-жітімге ұшырау. Көбеюінің ойдағыдай өтуіне ауа-райының жағдайлары (көктемгі-жазғы қарлатып күн суыту, нөсер жаңбыр, бұршақ жауу) және жыртқыштар (бұралқы иттер, түлкілер, су күзені және басқалар) әсерін тигізеді. Биологиялық ерекшеліктері

Көктемде мамырдың аяғында – маусымның басында тау көлдерінде мұз еріген соң ұшып келеді, қыстауға қазанда ұшып кетеді. Аталығы мен мекиені көбею маусымында жұп құрып бірге болады. Ұясын жағалаумаңы шөптердегі тастардың арасына салады және мамық төсейді. Ұяда 6-9 жұмыртқа маусымда пайда болады. Балапандары көлдерде шілдеден қыркүйекке дейін бірге болады, кейде бір жерге 20-ға дейін шоғырланады. Су насекомдарының дернәсілдері және майда балықтармен қоректенедіДолгушин, 1960.

Қолда өсіру Қазақстанның хайуанаттар парктерінде өсірілмейді. Қабылданған қорғау шаралары

Қатон-Қарағай ұлттық паркінде, ал миграция кезінде Марқакөл қорығында қорғалады. Қажетті қорғау шаралары Жаңа ұялау орындарын анықтау және оларды қорғауға алу. Демалыс зоналарында, әсіресе Рақманов көлдерінде мазалау факторын азайту. Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Ұялау биологиясына зерттеу, Қатон-Қарағай ұлттық паркінің суқоймаларында мониторинг ұйымдастыру.

Дереккөздер

Санат:Тұрпандар