Соломон Вест Райджевей Диас Бандаранаике, ; (8 қаңтар 1899 — 26 қыркүйек 1959) — Цейлонның (қазіргі Шри-Ланка) 4-ші премьер-министрі 1956 жылдан 1959 жылға дейін.
1925 ж. Цейлонның ұлттық конгресс партиясына кірді, көп кешікпей оның басшыларының бірі болды. Ағылшын отаршыларының басқару мемлекеттерінде әр түрлі қызмет істеді. 1947-51 жылдары денсаулық сақтау министрі болды. 1951 ж. Цейлонның бостандық партиясын ұйымдастырды. 1956-59 ж. саяси тәуелсіздікті, ұлттық экономиканы нығайтуды көздеген үкіметті басқардыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том. Сыртқы саясатта АҚШ-пен КСРО-на қосылуға қарсы қозғалыстың қағидатын ұстады. Ішкі саясатта - буддизм-сингал ұлтшылдық саясатын ұстап, ағылшын тілі мен тамил тілін мемлекеттік тілі статусынан айырды.
1959 жылдың 25 қыркүйегінде будда монахы Талдуве Сомарама револьверден 60-жасар премьерді ауыр жарақаттап, келесі күні Соломон Бандаранаике қайтыс болды.
Дереккөздер
Санат:Шри-Ланка премьер-министрлері