Барабинск () — Ресейдің Жаңасібір облысындағы Барабинск ауданындағы қала, Сібір темір жолы бойындағы станция. Халық саны 29 895 (2013 жылғы мәліметі бойынша) адамға тең.

Қала Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік-шығысындағы Бараба ойпатында орналасқан, Омбы өзенінің сол жағалауында Жаңасібір қаласынан 315 км қашықтықта.

Темір жол көлік машыналарын жөндейтін, киім тігетін және тамақ кәсіпорындары, медициналық, музыкалық колледждер бар.Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том

Дереккөздер