Қосшағыл – Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы Құрақсу ауылынан батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Ақсу өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 380 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылған, енді жері 15-16 км шамасында. Бедері қырқалы-жалды келген. Батысында Өлкеқұм, шығысында Күшікқұм, оңтүстігінде Жалқұм құмдары жатыр.

Геологиялық құрылымы Төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Құмды алқапта сексеуіл шоғырларымен бірге жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы құмдары