Кресс-салат () - орамжапырақ тұқымдасына жататын татымды салат өсімдігі, мұны цивилизациялы елдерде - Египетте, Көне Грекия мен Римде егіп өсірген. Оның жапырақтарында С витамині (165 мг % дейін), каротин апельсиндегіден көп. Онда, сондай-ақ В1, В2, РР витаминдері бар және йод, темір, кальций қосындылары да көп. С витаминінің, калий мен кальций тұздарының қоры жағынан кресс-салат көк пияздан асып түседі. Кресс-салат ең тез пісетін дақыл: өсімдік шамамен он тәуліктен кейін пайдалануға жарамды болады. Шашып себеді. Дәндері 2-3 тәуліктен кейін көктейді. Ашық және қорғалған жерде өсіріледі.

Сорттары Сорттары көп емес. Тез пісетін, биязы балауса жапырақтары бар Узколистный сорты жоғары бағаланады. Жазғы егіске қолайлысы - Широколистный сорты, ол мезгілсіз, күн ілгері сабақтана бермейді. Ал көп таралған сорттары: Грибовский, Курчавый. Жасыл Аптека кітабы,Алматы, Қайнар, 1992, ISBN 5-620-00483-X

Дереккөздер

Санат:Орамжапырақтар