Барий гидрототығы - күрделі бейорганикалық қосылыс, күшті сілті. Химиялық формуласы - Ba(OH)2.

Физикалық қасиеттері Түссіз кристалдық зат. 78°С температурасында өзінің кристаллогидраттық суында балқиды. Оның судағы ерітіндісі - күшті сілті. Барий гидрототығы жоғары температурада сусызданады. Сусызданған Барий гидрототығы - ромбалық кристалдардан тұратын ақ масса, оның тығыздығы 2,18 г/см³, балқу температурасы - 780°С, бұдан жоғары температурада Барий тотығына (ВаО) айналады. Барий гидрототығын барий тотығын сөндіру арқылы немесе BaCl2 мен NаОН ерітінділерін қайнағанша қыздырып алуға болады Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Алуы 1. Барий металының сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

Ba + 2H2O ->Ba(OH)2 +H2 ^

2. Барий тотығының сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

BaO + H2O ->Ba(OH)2

3. Барий сульфидінің ыстық сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

BaS + 2H2O ->Ba(OH)2 +H2S ^

Химиялық қасиеттері 1. Бейтараптану реакциясы (қышқылдармен әрекеттескенде - су мен тұздың түзелуі):

Ba(OH)2 + 2HCl ->BaCl2 +2H2O

Ba(OH)2 + H2SO4 ->BaSO4 v +2H2O

2. Қышқыл тотықтарымен әрекеттенудің нәтижесінде су мен тұздың түзелеуі:

Ba(OH)2 + CO2 ->BaCO3 v +H2O

Ba(OH)2 + SO3 ->BaSO4 v +H2O

Қолдануы SO42− және CO32− (сульфат- және карбонат-иондарын) айқындау үшін қолданылатын реактив. Өнеркәсіпте: SO42− (сульфат-иондардан) өндірілген затты тазалау үшін, сірнеден қантты айыру үшін қолданылады.

Тағы қараңыз Барий қосылыстары

Дереккөздер

Санат:Бейорганикалық заттар Санат:Барий қосылыстары