thumb|left|160px|Батыс Бенгал 19 әкімшілік аймақтарға бөлінген Батыс Бенгал (, Pościm Bôngo) — Үндістанның солтүстік-шығысындағы штат. Әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы - Калькутта. Жер аумағы - 88 752 км², халқы - 91 347 736 адам (2011 жылғы мәлімет). Бенгалдықтардың арасында будда дініндегілер - 72,5 %, 25,5 % - мұсылмандар, қалғандары - сикхизм, христиандық т.б. діндерге табынады.

Жері Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін алып жатыр. Климаты - тропиктік, муссондық. Желтоқсанның орташа температурасы +19 °C, мамырда +30 °C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.

Батыс Бенгал - Үндістанның экономикалық басты аудандарының бірі. Халқының 60%-ға жуығы ауыл шаруашылығымен айналысады, жерінің 60%-ы жыртылған. Егістігінің 85%-ына күріш, қалғанына - жут, шай, қант құрағы, темекі егіледі. Кәсіпорындары Калькутта (100-ге тарта жут және 30 шақты мақта-мата фабрикалары, металл өндеу, машина жасау, химикалық зауыттары), Асансол, Ранигандж (тас көмір өнліру, қара металлургия), Жайкайнагар (алюминий), Читтаранджан (паравоз жасау) қалаларында шоғырланған. Шай фабрикаларының көбі штаттың солтүстігіндегі елді мекендерде. Жүк және жолаушы тасуда темір жол және өзен жолдарының маңызы зорҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Әкімшілік бөлінуі

Батыс Бенгал 19 әкімшілік аймақтарға бөлінген 2001 жылдың мәліметі бойынша тұрғыны және жер аумағы .

Сыртқы сілтемелер BanglaMusic.com — Bengali site features artist, concerts, news, downloads and more Map of India showing location of West Bengal District map of West Bengal Railway map

Галерея 200px 230px 260px 230px 200px

Дереккөздер

Санат:Үндістан штаттары