Карин (, сондай-ақ «Биік Армения» (Бардзр Айк, ), грек-рим авторларының шығармаларында «Каренитида») — Ұлы Арменияның батыс бөлігіндегі (қазіргі Эрзерум қаласының орнында орналасқан) облыс.

Тарихы Бардз Айк облысының аумағы (Биік Армения) б.з.д. 2-ші және І мыңжылдықтың алғашқы ширегінде көне ариялық (үнді-еуропалық) Хайаса мемлекетінің құрамында болған және мұнда хаяса-ацци тайпалары мекендеген. Кейіннен бұл облыс б.з.д. ХVII ғасырдың соңғы ширегі мен б.з. І мыңжылдығында патшалық құрған Кіші Арменияның құрамында болды. б.з. І мыңжылдығында Кіші Армения патшалығы рим императоры Веспасион кезінде қарапайым римдік провинцияға айналды. Б.з.д. ІІ ғасырда І Арташес патша Барцр Хайканың көп бөлігін Ұлы Арменияға қостыСтрабон. География, XI, XIV, 5.

Сипаттама Биік Арменияның ауданы 23860 км² құрайдыЕремян С.Т., Армения согласно "Географии" 7-го века, Ереван, 1963г. (на армянском - Երեմյան Ս.Տ., Հայաստանը ըստ «Աշխարհացոյց»-ի, Երևան, 1963).. Ірі қалалары Эрзурум (византиялықтарда Феодосиополь), Ерзнка. VII ғасырда өмір сүрген Армян географы Анания Ширакаци провинцияны былайша суреттейді: Биік Армения 9 облысқа бөлінген: 1. Даранаги, 2. Аръюц, 3. Мендзур, 4. Екегеац, 5. Мананаги, 6. Дерджан, 7. Спер, 8. Шатгомк, 9. Карин. Бұл Армения өз атына сай, барлық жерлерден биік, қасиетті. Бұл жердегі өзендер төрт тарапқа қарай ағады. Мұнда 3 тау бар, тауды мекендейтін жабайы құстар мен жеуге жарайтын құстар бар, жылы бұлақтар мен тұзды кендерге бай және Феодосиополь қаласы да осында...Анания Ширакаци. Армянская география

387 жылы Армения бөлінген соң, Биік Армения Рим империясының құрамына кірді (содан соң Шығыс Римге). Осы жағдайдан соң босты қала сол заманда билік құрған І Феодосий патшаның атымен аталды.

Тағы қараңыз Армения Кіші Армения Армяндар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Провинция картасы .

Санат:Армения тарихы