Құлажон, Қулыжон – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 112 км, су жиналатын алабы 704 км2.

Бастауы Бастауын Қалба жотасының шығысындағы абсалюттік биіктігі 1560 м болатын таулардан бастау алып, Үлкен Бөкен өзенінің сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Жалпы ұзындығы 155 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері Көпірлі, Талды, Оразбай, Еспе, т.б. Аңғары жоғарғы ағысында (Глазуново ауылына дейін) тар шатқалды, Қазнақ ауылынан дейін жағалауы жарлауытты, ал Көкжота ауылынан төменде жазық, батпақты өңірмен өтеді. Жағалауында және батпақты жерлерінде қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын, мұздық сулармен толығады. Көп жылдық орташа ағымы Көкжота ауылының тұсында 3,53 м³/с.

Шаруашылықтағы маңызы Құлажоннан балық ауланады, ағаш бөренелер тасымалданады. Суы егістікке, алабы шабындыққа пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Көкпекті ауданы өзендері