Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева (10 қазан 1942, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы — 7 сәуір 2022) — қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академик, Қазақстанның білім және ғылым министрі (2002—2003)https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219888806266809/?d=n.

Дулат тайпасының Жаныс руынан.

Шәмшә Беркімбаева мектеп директоры, Білім министрінің орынбасары, Сенат депутаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры, Білім және ғылым министрі қызметтерін атқарған.

Ол Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілерінің иегеріҒалым Шәмшә Беркімбаева дүние салды. Информбюро, 8 сәуір 2022 жыл..

Жетістіктері "Құрмет белгісі" (1981 жылы), "Еңбек Қызыл Ту" (1976 жылы), "Құрмет" (2001 жылы) ордендері, "За доблестный труд" (1970 жылы), "За трудовое отличие" (1972 жылы) медальдары, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1970 жылы), Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен (1975 жылы), "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі. "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілері, "Ы. Алтынсарин", "А. Байтұрсынов" атындағы күміс және алтын медальдардың иегері.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Алматының құрметті азаматтары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары