Жалаңқабыршақты қылтанқұйрық () Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 – астық тұқымдасының қылтанқұйрық туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 9-25 см. Сабағы жылтыр әрі тегіс. Төменгі жапырақтарының қынабы кедір-бұдырлы, жоғары бөлігіндегілерінікі тегіс. Тілшесінің ұзындығы 0,5 мм, кішкентай болғандықтан байқалмай да қалады. Жапырақтары жалпақ, түсі жасыл, екі жағын да түк басқан, жиегі тегіс емес. Масағы тік немесе аздап иілген, ұзындығы 5-10 (16) см, цилиндр тәрізді. Масақшасы 1-2 гүлді. Мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында, Қызылқұм құмды алқабында, Іле Алатауында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Өсетін орны - тау етегіндегі тастақты жерлер, тау өзендерінің құрғақ жағалауы, [жусан өскен шөлдала.

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы