нобай|180px

Жюль Антуан Лиссажу (; 4 наурыз 1822, Версаль, Франция — 24 маусым 1880, Пломбьер-ле-Дижон) — француз математигі және физигі, Париж ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. Ғалымның құрметіне Лиссажу пішіндері (фигуралары) аталған.

1822 жылы 4 наурызда Версаль қаласында туған. Гоша (Версаль) лицейінде оқыған. Луи лицейінде профессор атанды, 1850 жылы в дірілдетуші (вибрациялаушы) тор туралы диссертациясын ұсынды.

Акустика мен оптика бойынша жұмыстар жасаған. Жұқа пластиналардағы тербелістерді, толқындардың таралуын зерттеген. Лиссажу пішіндері көмегімен тербелістердің қосылуының оптикалық зерттеу тәсілін жасап шығарды (1855). Оптикалық компараторды ойлап тапты (1857), оптикалық телеграф жүйесін жасаумен айналысты.

Санат:Франция математиктері Санат:Франция физиктері Санат:1822 жылы туғандар Санат:1880 жылы қайтыс болғандар