Парри бұғазы — Солтүстік Мұзды мұхиттың Канаданың Арктикалық архипелагы құрамындағы бөлігі. Ланкастер, Барроу, Вайкаунт-Мелвилл және Мак-Клур бұғаздарын біріктіреді. Тереңдігі 1000 м-ге дейін. Сентябрьде қатып, июльде мұзы түседі. Уильям Эдуард Парри құрметіне аталған.
Санат:Солтүстік Мұзды мұхит бұғаздары Санат:Канада бұғаздары