Қайқытұмсық балшықшы () - қауырсын жабыны біркелкі сұрғылт қоңыр, бауыры - ақ және қанатының үстінде екі қошқыл жолағы бар ұсақ (50-75 г) балшықшы.

Сипаттама Аяғы онша ұзын емес — сарғыш қызғылт түсті, саусақтарын қос-қан жарғақ жақсы байқалады. Тұмсығы жіңішке және жоғары қайқайғаны айқын білінеді.

Мекені Еуразияның тундралық ормандарында, орманды және орман-далалы белдемін мекендейді. Қазақстанда тек қана үшып өткен уақытта - сәуір-мамырда және тамыз-қыркүйекте болады.

Ұялауы Ұялау ерекшеліктері үлкен балшықшыға (ізетшіте) ұқсас.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Аустралия құстары