Көкмарас () - сүттіген тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұталар тегіОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2. Ботаникалық тек ретінде алғашқы рет 1924 жылы сипатталғанJussieu, Adrien Henri Laurent de. 1824. De Euphorbiacearum Generibus Medicisque earumdem viribus tentamen, tabulis aeneis 18 illustratum 27http://www.tropicos.org/Name/40008355. Бұл тектің биологиялық түрлері Еуропа, Африка, Азия елдерінде кең таралғанKew World Checklist of Selected Plant FamiliesAltervista Flora Italiana, genere Chrozophora includes photos + European distribution mapsFlora of China Vol. 11 Page 223 沙戟属 sha ji shu Chrozophora Necker ex A. Jussieu, Euphorb. Gen. 27. 1824. Flora of Pakistan, Chrozophora Neck. ex A.H.L. Juss., Euph. Gen. Tent. 27. 1824. .

Қазақстанның құмды, шөлейтті жерлерінде: Үстірттің солтүстігінде, Бозащы түбегінде, Мойынқұмда, Қызылқұмда және Түркістанда өсетін 4 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – құмқы немесе құм көкмарасы (Ch. sabulosa). Оның биіктігі 5 – 25 см. Бұтақты сабағы тарамданып өседі. Жапырақ тақталары жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 2 – 6 см, ені 1,5 – 4 см-дей), жиегі тегіс немесе ірі тісті иректелген. Бір үйлі, дара жынысты гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Аталығы 5, төмен қарай иілген гүлтұғырында 2 – 6 аналық гүлдері орналасады. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, қыркүйектің аяғында жемістенеді. Жемісі – етжең, үш ұялы қорапша. Тұқымы ұзынша келген, сырты тегіс. Өсімдіктің құрамында бояғыш заттар болады, одан көк түсті бояу – индиго алынады. Көкморасты қой мен ешкі сүйсініп жейді.Флора Казахстана, т. 6, А.-А., 1963.Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Chrozophora tinctoria атты түрі орта ғасырлардан бастап бояу ретінде қолданған.

Түрлері Chrozophora brocchiana - Сахара Chrozophora gangetica -Үндістан Chrozophora mujunkumi - Өзбекстан Chrozophora oblongifolia - Шығыс Африка, Үндістан, Пакистан Chrozophora plicata - Африка, Үндістан, Пакистан, Тайланд,Ява Chrozophora rottleri - Ауғанстан, Үндіқытай Chrozophora sabulosa - Ирак, пакистан, Орта Азия Chrozophora sabulosa - Батыс Африка Chrozophora tinctoria - Үндістан, Пакистан, Орта Азия

formerly included moved to other genera (Codiaeum Mallotus) C. mollissima - Mallotus mollissimus C. peltata - Codiaeum peltatum Дереккөздер

Санат:Сүттігендер