Тау сандуғаш () - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының денесінің аздап ірілігі, қошқыл реңінің байқалғыштығы болмаса, боз сандуғашқа өте ұқсас құс (бұрынырақта оны бір түр ретінде боз сандуғашқа біріктірген). Оның жоны қошқыл сұр (кейде оны шифер түстес немесе аспид түстес сұр деп те атайды).
Таралуы Боз сандуғашқа қарағанда үлкендеу болып байқалатын қара тұмсығы бар. Қазақстанда бұл оңтүстік сандуғаш негізінде Батыс Тәңіртауда орын тебеді, алайда қазір оны шығысқа таман Алматыға таяу Солтүстік Тәңіртаудың аласа тауларынан да, тіпті одан шығысқа қарай да жиі-жиі кездестіруге болады. Қалың өскен жапырақты бұталар мен ірі шөптері бар тау беткейлерінде көбірек мекен етеді. Дауысы және әуені боз сандуғаштар мен басқа сандуғаштардан аумайды. Тұқымтоптық өмір сүру дағдысында да айырмашылық жоқ. Қазақстанға сәуірдің соңында ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
Дереккөздер
Санат:Жануарлар Санат:Сандуғаштар Санат:Азия құстары