Сұржон содырғы () - Торғайтәрізділер отрядының содырғылар тұқымдасының биологиялық түрі. Қазақстандағы содырғылардың ең ірі денелі (25-35 г) және ең биік тауларда өмір сүретін түрі.
Таралуы Қазақстан жартастары сусымалы тастармен және қарлы алаңмен алмасатын жерлерде — теңіз деңгейінен 3 000 м жоғары Тәңіртау және Жоңғар Алатауы тауларының альпілік белдеуінде мекендейді. Сұржон содырғылар қыстың едәуір бөлігін қар көп жатпайтын оңтүстік бет- кейге орын ауыстырып, биік тауларда өткізеді. Қар қалың жауған соң таудың төменгі белдеуіне төмендеп түседі.
Сипаттамасы Торғайдан сәл үлкендеу және жерден едәуір көтеріңкі жүре алатын сұржон содырғыны сұр реңді төстен жіңішке қара сызықтармен бөлінген ақ тамағы бойынша оңай тануға болады. Дауысы қатты және әдемі, әуенінде таза құбылмалы ысқырық бар. Аталықтар күйттеу кезеңінде жартастардан жартастарға қанатын кең жайып қалықтай жүріп, құсойнақ жасап ұшады. Ұяларын жартастардың жарығына - қиын жерлерге салады, сондықтан бұл құстардың тұқымтоптық өмір сүру дағдысы аз зерттелген. Ұяны мүктен қалың қабырғалы тостаған түрінде жасап, оған жүн төсейтіні ғана белгілі. Салындыда 3-тен 5- ке дейін көгілдір жұмыртқа болады.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
Дереккөздер
Санат: Содырғылар Санат:Еуразия құстары