Комодо кеселі () - кесірткелер отряд тармағына жататын ең ірі бауырымен жорғалауыш.

Таралуы Комодо кеселі Комодо, Ринка, Флорес, Жили Мотанг, Жили Дасами аралдарын және Орталық Индонезияны мекен етеді.

Биологиялық сипаттамасы Комодо кеселі - әлемдегі ірі кесіртке. Ұзындығы 2 3 метр, салмағы 70 келіге дейін жетеді. Құйрығының ұзындығы денесінің ұзындығының жартысындай болады. Комодо келесінің ерекше ірі болуы оның ас қорыту жүйесінің баяу жұмыс істеуге және Комодо аралында одан ірі етқоректі жануардың жоқтығына байланысты болуы мүмкін. Ірі дене тұрқына байланысты бұл кесірткелер өздері мекен ететін экожүйеде басшылық танытады. Өлекселерді жеумен қатар, аңдып жүріп түрлі омыртқалыларды, құстарды және сүтқоректілерді де аулайды. Мамыр мен тамыз айларында шағылысып, қыркүйек айында жұмыртқа салады. Жиырма шақты жиырма шақты жұмыртқаны 7 8 ай басып, құрт құмырсқа көбейген кезде, яғни сәуір айында балапандары жұмыртқаны жарып шығарады.

Комодо келесінің тіршілік ететін ортасы аса жайлы емес. Комодо келесі жеке дара жүретін жануар. Қоректенетін кезде және шағылысу маусымында ғана берілетін. Аталық келестер екі шақырымдай аумақты иемденіп, бөгделерін ол жерге жолатпай, қорғаштайды.

Санат:Кеселдер Санат:Қауіптен тыс түрлер