Ақ шақшақай () - шағын денелі (20-25 г), әдемі, жіңішке тұмсықты, ұзын құйрықты құс. Биологиялық сипаттама Қазақстанда көптеген жерлерде әркімге белгілі бұл құсты «шымшық» деп қате атап жүр. Ақ шақшақайдың жоны - сұр және бауыры - ақ, төсі - қара, қара «телпегі» бар. Әдетте жерде жүреді, ұзын құйрығын жоғарыдан төмен қарай теңселтіп, көзі шалған бунақдененің соңынан қуалап, біраз жүгіреді де, бунақденені әуеде аулау үшін ұшып, көтеріледі. Толқындата, бір сарынды көтеріліп-төмендеп ұшады. Дауысы сыңғырлап, аздап қысқа әуенмен сайрайды.Ұяларды шақшақай кез келген қуыстарға салып, көбінесе жүн және қауырсын төсеп жылылайды. Салындыдағы 5-6 ақшыл сұр жұмыртқаларды аналығы 12-14 күн басады. Балапандарды ата-енелері бірлесіп сонша уақытқа жуық қоректендіреді. Бұл жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. Таралуы Бұл шақшақай - тек қана Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қоныстанады, негізінде орман және орманды дала өңірінің құсы. Суқоймаға таяу орнығады, алайда соңғы жылдары адам түрғын үйлеріне барған сайын жақын орын тебуде. Соның ішінде үлкен қалалар да бар. Қыркүйек және қазан айларында қыстау үшін Азияның оңтүстік өңірлеріне ұшып кетеді. Наурыз-сәуірде қайта оралады. Бұл кезде Қазақстан аумағының барлығынан ұшып өтеді, сондықтан барлық жерде кездесуі мүмкін. Дереккөздер
Санат:Шақшақтар Санат:Еуразия құстары