thumb|Беккенбауэр, 2014 жыл
Франц Беккенбауэр (; 11 қыркүйек 1945 жыл, Мюнхен – 7 қаңтар 2024 жыл, Зальцбург) — неміс футболшысы әрі жаттықтырушысы. Франц қорғаныш шебінде өнер көрсеткен, 1994 жылдан бастап Бавария футбол клубының президенті қызметін атқарды. Өзінің футбол мансабында Франц екі рет Еуропаның ең үздік ойыншысы атанған. Ол Әлем Чемпионатына үш рет қатысып ұлтық құрамаға 103 рет шақырылған. Беккенбауэр ГФР ұлттық құрамасында капитан болып 1974 жылы Әлем Чемпионы болады. Бавария сапында ойнап үш рет Еуропа Чемпиондар Кубогын алған (1974-1976) және сонымен қатар УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болған (1967).
Франц бас жаттықтырушы болып ГФР ұлттық құрамасымен 1990 жылы Әлем Чемпионы болды. 2002 жылдың ақпан айында АҚ "Бавария" футбол клубының басқарма төрағасы болып тағайындалады. Жетістіктері Командалық Бавария
ГФР Чемпионы: 1968/69, 1971/72, 1972/73, 1973/74 ГФР Кубок иегері: 1966, 1967, 1969, 1971 Еуропа Чемпиондар Кубок иегері: 1973/74, 1975/76, 1976/77 УЕФА Кубок иегері: 1966/1967 Континентаралық Кубок иегері.1976 Нью-Йорк Космос
АҚШ Чемпионы: 1977, 1978, 1980 Гамбург ГФР Чемпионы: 1981/82 Германия ұлттық құрамасы
Әлем Чемпионы: 1974 Еуропа Чемпионы: 1972 Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері: 1966 Әлем Чемпионатының қола жүлдегері: 1970 Еуропаның күміс жүлдегері: 1976 Жеке жетістіктері Германияның ең үздік футболшысы: 1966, 1968, 1974, 1976 Еуропаның ең үздік футболшысы: 1972, 1976 Еуропа Чемпионатының үздік құрамасына кірген: 1972, 1976 Әлем Чемпионатының үздік құрамасына кірген: 1966, 1970, 1974 "ФИФА 100" тізіміне кіреді Жаттықтырушы ретінде Әлем Чемпионы: 1990 Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері: 1986 Франция Чемпионы: 1991/92 Чемпиондар Кубогының күміс жүлдегері: 1990/91 Германияның Чемпионы: 1993/94 УЕФА Кубок иегері: 1995/96
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Германия футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ғарыш (1970—1985) ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК жаттықтырушылары Санат:Олимпик Марсель ФК жаттықтырушылары Санат:Алтын доп иегерлері