thumb|Cuculus canorus canorus + Lanius collurio Жасылбас тағанақ (қарқанақ) (Lanius collurio) — Қазақстан фаунасындағы кішкене тағанақтардың (24–35 г) 4 түрінің біреуі.
Биологиялық сипаттама Қалған қарқанақтардан айырмашылығы құйрық реңіне байланысты: құйрық түбі - ақ, ұшына дейінгі үштен бір бөлігі - қара. Аталығының жоны - қоңыр қызғылтсары, басы - сұр, бауыры - солғын қызғылт реңкті ақ; қанаты - шағын ақ «көзтартарлары» бар қошқыл түсті. Аналығының бүкіл жоны - қызғылтсары, тіпті құйрығы да қоңырқай реңді, ал көмескілеу көлденең белгілері бар бауырының реңі ақ. Жас құстар аналыққа ұқсас. Ұялары бұталарда болады, салындыға мамыр-маусымда 4-8 теңбілді жұмыртқалар салады. Жұмыртқаларды аналығы екі аптаға жуық басады, ал соңы-нан аналық соншама уақыт балапандарды аталықпен бірлесіп тағы қоректендіреді. Балапандарды ұядан ұшып кеткеннен кейін де ата-енелері тағы бір ай қосымша жемдейді. Таралуы Бүкіл Еуропаны және Азияның айтардықтай бөлігін мекен ететін қарқанақтарды және олардың өмір сүру дағдысын сипаттайтын қолда бар әдебиеттердің көпшілігі дәл осы түрге жатқызады. Кешірек - мамырда ұшып келетін болғандықтан, бір жазда бір рет балапан өргізеді. Қазақстан аумағынан тамыз-қыркүйекте ұшып кетеді. Дереккөздер
Санат:Тағанақтар Санат:Еуразия құстары