Юкатан бұғазы — Юкатан түбегі мен Куба аралы аралығында. Кариб теңізінен Мексика шығанағымен жалғастырады. Ұзындығы 55 км, ені 200 км, кеме жүзетін бөлігінің ең терең жері 1269 м (Куба аралына таяу жерде). Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізінен Мексика шығанағына қарай бүкіл жыл бойына Гольфстрим ағысын тудыратын қуатты су толқындары өтіп отырады.

Санат:Кариб теңізі бұғаздары Санат:Солтүстік Америка бұғаздары Санат:Куба бұғаздары