Мадаин-Салих - Сауд Арабиясында орналасқан ескерткіш. Осыдан екі мың жыл бұрын ескерткіш орналасқан мекенде Хегра атты сауда орталығына айналған өте үлкен қала болған. Мадаин-Салих атты тас қорым – дәл осы қаладан қалған жалғыз ескерткіш. Ғалымдардың айтуынша, қорым б.з.д. І ғ-б.з. І ғ. аралығында соғылған екен. Қорған қабырғаларынан Ассирия, Египет елдеріне тән өрнектер мен әр түрлі тілдердегі жазбаларды оқуға болады. Және мұндай өрнектер әлемде ешбір жерде кездеспейтінді. Мадаин-Салих 1972 жылы ресми түрде туристік объект мәртебесіне ие болды, ал 2008 жылы ЮНЕСКО-ның аса құнды мұраларының тізіміне қосылды. Және де Мадаин-Салих - Сауд-Арабия жеріндегі мұндай бағаға ие болған алғашқы ескерткіш. Дереккөздер
Сілтемелер
nabataea.net: фотогалерея Photos zubeyr-kureemun.com: фотогалерея http://www.splendidarabia.com/mada'in_salih.htm Мадаин-Салих, Сауд Арабиясы
Санат:Әлемдік мұра Санат:Сауд Арабиясы ғимараттары мен құрылыстары Санат:Сауд Арабиясы тарихы