Мойынқұм – Бетпақдаланың солтүстігінде жатқан құмды алқап.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерінде, Сарысу өзенінің орта ағысының сол жағалауында орналасқан.

Жер бедері Абсалюттік биіктігі 200 – 260 м. Батыстан шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр, ені 25 км-ге жетеді. Ауданы 1670 км². Солтүстік-шығыс бөлігінде төбешікті қырқа құмдардың биіктігі 5 – 10 м, кей жерлерінде ол 15 – 20 м-ге дейін барады.

Өсімдігі Теріскен аралас еркекшөп, жүзгін, қоянсүйек, құмсағыз, қаңбақ, құмаршық өседі, аздап сексеуіл де бар. Тұщы жер асты сулары, құм алабының шет жағында 1 – 2 м тереңдікте кездеседі. Мойынқұм – қысқы мал жайылымы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шөлдері Санат:Шөлдер