Нитрагин — бұршақ дақылдарына арналып түйнек бактерияларынан дайындалған тыңайтқыш. Бұл бактериялар бұршақ дақылдары тамырларында түйнек құрып, ауадағы азотты бойына жинайды да, бұның біразын өсімдік пайдаланады. Мысалы, 1 га егістікте—люпинде 150–200 кг,бедеде 300 кг, ас бұршақ пен жем бұршақта 60–100 кг атмосф. азот жиналады. Бұршақ дақылдарының әр түрінің өзіне тән түйнек бактериялары бар. Сондықтан Н-ді бактериялар ерекшелігін ескере отырып, өсімдік түріне сай, 1 га таза топыраққа 70–300 млн. бактерия өсіру арқылы дайындайды. Н жаңа игерілген жерде, бұршақ дақылдарын алғаш егуде аса тиімді. Н-ді фосфорлы тыңайтқыштармен, ал қышқыл топырақта оны әк шашқаннан кейін қолданған жөн.
Дереккөздер
Санат:Химия