Қопа – Тайшек алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 37 км, жалпы ұзындығы 19 км болатын 6 саласы бар.
Бастауы Бастауын Сарықұлжа тауларының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Жарлы ауылынан төменде Тайшек өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы арнасы тау шатқалымен ағады. Орта ағысының басым бөлігі сайлы-жыралы жерлермен өтеді және жағалауы жарлауытты келген. Төменгі ағысының арна жағалауы жарқабақты, тіктеу. Өзен бойында бірнеше шағын көлдер жатыр. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері