Қоғалы – Қаратал алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ және Көксу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 44 км, су жиналатын алабы 332 км².
Бастауы Бастауын Белағаш асуының солтүстік-шығыс беткейінен алып, Қарымсақ ауылынан төменде Быжы өзеніне оң жағынан құяды. Арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен өтеді.
Гидрологиясы Жыл бойы арнасында су болады. Негізінен жер асты сумен толығады. Жағалау бойы шабындық, атырабы мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы өзендері Санат:Кербұлақ ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы