Шүлемайтөбе, б.д. 1-ші мыңжылдығының 1-ші жартысындағы мекен – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Отырар ауданы, Балтакөл ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км қашықтықта орналасқан.
Деректер, сипаты 1974-76 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының ирринациялық отряды (В. А. Грошев) зерттеген. Дөңгеленіп келген төбенің диаметрі 65 м-дей, биіктігі 5 м. Үстінен табылған кермика арасында табанына мата іздері түскен құмыра тұтқалары, саптыаяқтар бар. Дән үгіткіш тастардың сынықтары да табылды.Байпаков К.М. "поселение Шулембайтобе" СПИИК ЮКО. Алматы, 1994. С139-140; Грошев В. А. Археологические памятники урочища Акжар Археологические исследования в Казахстане. Труды научно-практической конференции «Маргулановские чтения – 14». Шымкент – Алматы, 2002. С 118 – 120.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары