Қара Үбі өзені – жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 691 км2.

Бастауы Қараүбі Көксу жотасының солтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Үбі өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы арнасы тар шатқалды, етегі қорымтасты. Арнасы тік, биіктігі 10-100 м-ге жетеді. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Потапов қонысы тұсында 9,05 м³/с. Өзеннен ағаш ағызылады, мал суарылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы