Қарасай – Жақсыкөң алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км, су жиналатын алабы 284 км².

Бастауы Бастауын Қағыл тауының шығыс етегіндегі бұлақтардан алып, Жақсыкөң өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жонды-белесті өңірмен ағатын өзеннің жағалауы жарлы келген, төменгі ағысында шағын жайылма құрайды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары мал жайылымы және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы