Қарасу – Ащысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км.

Бастауы Бастауын Арқат тауларының шығысындағы Шілтен тауының етегінен алып, Еспе қонысындағы Иткей қыстауы маңында тартылып қалады.

Гидрологиясы Тауаралық арнасының жағалауы тіктеу, жарқабақты, орта ағысы сайлы-жыралы келген. Жонды-төбелі, төменгі ағысы кеңейіп, жағалауының маңында батпақ түзейді. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасында көктемде 15-20 күндей ағын болады. Жылдың басқа мезгілінде қарасуларға бөлініп қалады. Жоғарғы аңғары мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Жарма ауданы өзендері