Қараталдыәйет, Қараталыәйет - Тобыл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ресейдің Челябі облысы жерінде. Өзен сағасы Әйет өзенінің сол жағалауынан 117 км қашықтықта орналасқан. Ұзындығы 175 км, су жиналатын алабы 1900 км².
Бастауы Бастауын Оңтүстік Оралдағы Жабық темір жол стансасынан 10 км жердегі бұлақтардан алып, Ақсай қаласынан шығыста (Ресейде) 10 км жерде Әйет өзеніне құяды.
Гидрологиясы Төменгі ағысының 3-5 км бөлігі Қазақстан шекарасы бойымен ағады. Аңғарының ені 0,5-0,6 км, беткейі жыралармен тілімделген. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,47 м³/с. Суымен бақшалық дақылдар суарылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Су тізілімінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Тобыл өзені бастауынан Увелька өзенін қоспағанда, Уй өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Тобыл, өзен алабы — Ертіс. Су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 14010500212111200000362 Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 111200036 Су алабының коды — 14.01.05.002 ГЗ томының нөмірі — 11 ГЗ бойынша шығарылуы — 2
Дереккөздер
Санат:Челябі облысы өзендері