Қойтас жотасы – Жетісу Алатауының батысында, Жаманкөл жотасының оңтүстігіндегі жота.

Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылының шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3386 м.

Сипаты Шығыстан батысқа қарай ендік бағытта 22 км-ге созылған, енді жері 7 км-ге жуық. Батыс бөлігі тік шатқалды, шығысқа қарай төмендеп өзен аңғарына ұласады. Түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудың қара және қоңыр топырағында далалық және астық тұқымдас өсімдіктермен бірге субальпілік шалғын, сирек орман өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жетісу Алатауы Санат:Ескелді ауданы таулары