Қызылсу – Есіл алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Есіл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 2670 км2.

Бастауы Бастауын Жақсы ауданы Жақсы кентінің оңтүстік-батысындағы Қосшоқы тауының солтүстік-батысынан алып, Есіл өзеніне құяды. Ірі салалары: Құмай, Биегіз, Қарамырза.

Гидрологиясы Аңғары кең (0,5-2 км). Арнасы көбіне жайпақ, ені 5-100 м аралығында өзгеріп отырады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,12 м3/с. Суын өзен бойындағы елді мекендер пайдаланады. Алабы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Есіл су алабы Санат:Есіл ауданы (Ақмола облысы) өзендері