Қыршабақты өзені, Бөген – Ақжар көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 805 км2.

Бастауы Бастауын Қаратау жотасының солтүстік баурайындағы бұлақтардан алып, Шабақты темір жол айырмасынан төменде Шабақты өзеніне оң жағынан құяды. Жоғарғы бөлігі Бөген деп аталады.

Гидрологиясы Қаратау жотасының солтүстік жалғасы - Ақтау жотасынан шыға берер жерінен бастап, өзеннің оң жағалауы жарқабақты келген (30 км-ге жуық), жоғарғы арнасы тау шатқалымен ағады. Шабақты өзеніне дейінгі төменгі арнасының жағалауы жарлауытты келген. Арнасында жыл бойы су болады. Төменгі алабы игерілген. Өзен бойында бірнеше қыстау мен жайлау орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы өзендері Санат:Талас су алабы